Былтыр әлеуметтік-еңбек саласында 72 пайыз электрондық түрде қызмет көрсетілген

1 Наурыз 2022, 12:16
1343
Бөлісу:
Былтыр әлеуметтік-еңбек саласында 72 пайыз электрондық түрде қызмет көрсетілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты.

Серік Шәпкенов Үкімет отырысында ведомствоның әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласында 45 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ министрлік халыққа неғұрлым ыңғайлы және заманауи түрде қамтамасыз ету үшін оларды цифрландыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Өткен жылы ағымдағы бизнес-процестерге жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің дамуын тежейтін бірқатар факторлар анықталды, атап айтқанда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін қажетті «тарихи» деректердің болмауы, мобильді азаматтар базасында тіркеудің болмауы. Осыған байланысты біз мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін реинжиниринг және трансформациялау бойынша жұмыс жүргізудеміз, -деді ведомство басшысы.

Шәпкеновтың атап өтуінше, бүгінгі күні электрондық форматта 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93% ұсынылады, оның ішінде 21 қызметті немесе 43% проактивті түрде алуға болады.

2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 12,6 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 9,1 млн немесе 72% электрондық түрде көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12% - ға артық. 2025 жылға қарай біз барлық мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшіруді жоспарладық, – деді Серік Шәпкенов.

Өзгелердің жаңалығы