Былтыр әлемде 150 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

6 Наурыз 2023, 08:43
861
Бөлісу:
Былтыр әлемде 150 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

Бұл туралы  әлеуметтік желіде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті  жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Жыл басынан бері сырқаттанушылық таяу шет елдерде – Ресейде, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Украинада байқалды.

Қазақстанда кейінгі 5 жылда қызылшаның 2 эпидемиясы тіркелді: 2015 жылы – 2 340 жағдай, 2019 жылы – 13 326 жағдай зертханалық түрде расталды және клиникалық түрде 3 545 жағдай расталды.

Биыл Павлодар облысының аумағында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, қызылшамен сырқаттану жағдайлары тіркелмеген, 2022 жылы вакцина алмаған балада 1 жағдай тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы