Былтыр 5 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілген

5 Сәуір 2023, 16:53
997
Бөлісу:
Былтыр 5 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілген
Фото: biletik.aero

Былтыр елімізде 5 мыңнан астам әуе рейстері кейінге шегерілгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Сенаттағы Комитет отырысында мәлімдеді.

2022 жылы 5 056 әуе рейсі кейінге шегерілді. Олардың 2105 рейсі – саяси жағдай, ұшу қауіпсіздігі секілді операциялық себептер бойынша, ал 2951 рейс коммерциялық жүктеменің төмендігі сынды коммерциялық себептермен шегерілуі мүмкін, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, былтыр ұшу тұрақтылығы 74 пайызды құраған. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы бұл көрсеткіш 82 пайызды көрсеткен.

2022 жылдың қорытындысы бойынша кешігуге негізінен: техникалық себеп (13%), жолаушыларға қызмет көрсету, жүкті ұзақ түсіру (16 %), күрделі ауа райы жағдайы (8%), адами фактор – экипаждың жеткіліксіздігі, әуе қозғалыс органы қызметіндегі шектеулер, шекара маңы мен кедендік бақылау (7%) себеп болған. Әуе тасымалдаушының кінәсі мойындалғанда біз оны әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 8200 АЕК немесе 25,2 млн теңгеге 9 әкімшілік айыппұл салынды, - деді  Алмаз Ыдырысов.

Өзгелердің жаңалығы