Былтыр 19 миллион пойыз билеті сатылған

18 Қаңтар 2024, 20:11
426
Бөлісу:
Былтыр 19 миллион пойыз билеті сатылған
Фото: ҚТЖ

2023 жылы жолаушылар пойыздарында жүруге шамамен 19 миллион билет сатылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 750 мыңнан астамға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте онлайн-сатудың үлесі 77% болды.

Комиссиясыз электрондық билетті bilet.railways.kz. сайтынан сатып алуға болады. Сондай-ақ, мұнда "Күту парағы" қызметін пайдалануға болады, ол жолаушыға еркін сатылымда билет болмаған кезде кезекке тұруға және бос орын пайда болған жағдайда жол жүру құжатын сатып алуға мүмкіндік береді. 2023 жылы "Күту парағы" арқылы 170 мыңнан астам билет сатылды, - делінген хабарламада.

Қызметті bilet.railways.kz сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында пайдалануға болады.

Өзгелердің жаңалығы