Бұзақылардан зардап шеккендер шұғыл желіге хабарласа алады

6 Қаңтар 2022, 13:19
817
Бөлісу:
Бұзақылардан зардап шеккендер шұғыл желіге хабарласа алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық топтардың іс-әрекеттері салдарынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы ақпаратты халыққа ұсыну үшін 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ұйымдастыруды тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметке берген шұғыл тапсырмасында айтты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қылмыстық топтардың іс-әрекеттері салдарынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы ақпаратты халыққа ұсыну үшін 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ұйымдастыру керегін айтты - делінген Президент өз тапсырмасында.

Өзгелердің жаңалығы