Бұзақылар Алматыдағы телеарналарға шабуылдаған

6 Қаңтар 2022, 14:29
1076
Бөлісу:
Бұзақылар Алматыдағы телеарналарға шабуылдаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұзақылар Алматыдағы телеарналар мен филиалдарға да шабуыл жасаған. 

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Нысандар арасында «Хабар» арнасының бөлімшесі де бар. Оған қоса «Қазақстан» және «Мир» арналарының тасталқанын шығарған. Сондай-ақ кей жерлерде қызыл жалын шарпыған. Төтенше жағдайға байланысты өрт сөндірушілер оқиға орнына жете алмаған. Телекамералар толық ұрланған. Бұзақылар өзге де қажетті жабдықтарды тонап кеткен. Телевизия қайраткерлеріне қойылған ескеркіштерді де қиратқан. Оқиға кезінде кеңседе болған ұлттық арнаның заңгері жарақат алған. 

Орталық алаңда орналасқан ұлттық арнаның бөлімшелерінің бірқатары өртенді. Нақты қаншалықты зардап шеккені белгісіз. Арнадағы әріптестеріммен сөйлесе алмадым. Қоңырау шалған кезде байланыстан тыс болды. Басқа бір әріптеспен сөйлескен кезде кеңседе жүру мүмкін емес деді, - деді «Хабар» арнасының тілшісі  Аршын Кемелжан

Өзгелердің жаңалығы