Бүйрек ауыстыру. Донордың басым көпшілігі - аналар - дәрігер

22 Қыркүйек 2022, 16:52
1549
Бөлісу:
Бүйрек ауыстыру. Донордың басым көпшілігі - аналар - дәрігер

Бұл туралы «UMC» корпоративтік қоры медициналық директордың орынбасары Шолпан Алтынова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, балалар трансплантологиясы да қазір өзекті мәселеге айналып отыр.

Өкінішке қарай, елімізде балалар да бүйрек, жүрек, өкпе, бауыр сынды ағзаларын ауыстыруға мұқтаж. Соның ішінде 112 бала гемодиализ процедурасын қабылдайды. Бұл дегеніміз – осынша баланың жүрегі диализдің көмегімен ғана соғуда. 108 бала бүйрегін ауыстыру үшін кезекте тұр. Егер 5 жыл бұрын бізде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болатын. Қазіргі таңда 1 млн тұрғынға шаққанда 17 бала бүйрек трансплантациясын күтуде. Қайтыс болған жандардың донорлығының төмен болуы да бұған әсер етіп отыр, - деп атап өтті Шолпан Алтынова. 

Сонымен қатар ол көп жағдайда балаларға өзінің анасы донор болатындығын алға тартты.

Ел аумағы бойынша балаларға донор болғандардың  46%-ы өзінің анасы екен. Ал донордың 40%-ы әкелерге тиесілі. Егер мәйіттік донор дамыса, ата-анасының екеуі де денсаулықтарын құрбандыққа шалмас еді. Бүгінгі таңда 1500 адам бір бүйрексіз қалды, - деді медициналық директордың орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін 3500-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж екендігін жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы