БҰҰ: Жарты миллионнан астам ауғанстандық босқын атануы мүмкін

28 Тамыз 2021, 21:52
3724
Бөлісу:
БҰҰ: Жарты миллионнан астам ауғанстандық босқын атануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі 2021 жылдың аяғына дейін Ауғанстаннан зорлық-зомбылықтан күшеюінен миллионға жуық адам қашуы мүмкін деп топшылайды. Агенттік ол босқындарға көмек көрсетуге қазірден даярланып жатқанын хабарлады.

Азаттық радиосының мәліметіне қарағанда, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариаты басқармасы (БҰҰ БЖКБ) "Талибан" қозғалысы билікті басып алғаннан кейін Ауғанстанда "аумалы-төкпелі жағдай қалыптасқанын және ол тез өзгеріп шыға келуі мүмкін" екенін мәлімдеді.

Агенттіктің хабарлауынша, қазірдің өзінде шетелде босқын ретінде 2,2 млн ауған азаматы тіркелген, олардың барлығы дерлік Пәкістан мен Иранда күн кешіп жатыр. Енді солардың қатарына жаңадан 500 мыңдай босқын қосылмақшы.

БҰҰ: Жарты миллионнан астам ауғанстандық босқын атануы мүмкін

Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің болжамы бойынша, биылғы жылдың өзінде Ауғанстанның ішіндегі қақтығыстарға байланысты 558 мың адам елдің бір өңірінен екіншісіне қоныс аударуға мәжбүр болған. Олардың барлығы дерлік әйелдер мен балалар. БҰҰ БЖКБ жетекшісінің орынбасары Келли Клеменц Женевада өткен брифингте, аймақта 500 мыңға жуық жаңа босқын пайда болуы мүмкін деген жорамалдағы адам саны "ең нашар сценарий" аясында шамамен алынғанын айтты.

Күн сайын Иран аумағына бірнеше мың ауған азаматы еніп жатқаны тіркеліп отыр, ал саудагерлер Ауғанстан мен Пәкістан арасында бұл екі елге кіріп-шығып жүр дейді Клеменц. Қазіргі уақытта ауған азаматтары елден тым көп мөлшерде кетіп жатпаса да, "Ауғанстандағы ахуал ешкім күтпеген өте жедел қарқынмен лезде өзгерді" дейді БҰҰ БЖКБ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы