БҰҰ: Суданда бала өлімі көрсеткіші жоғары

20 Қыркүйек 2023, 21:12
752
Бөлісу:
БҰҰ: Суданда бала өлімі көрсеткіші жоғары

Суданда бала өлімі көрсеткіштері өсті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Аймақта әскери қақтығыс басталғалы бері, 1200-ден астам кәмелет жасына толмаған жан опат болды. Ұйым сарапшыларының зерттеуінше, оған - босқындар лагеріндегі аштық пен қызылша ауруы себеп. Тағы мыңдаған баланың өмірі қыл үстінде, дейді мамандар. 

Себебі, шамамен 55 мыңнан астам кәмелет жасына толмағандар аштықтан туындаған ауыр дерттен емделуге мұқтаж. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар тарапынан жіберілетін көмек күрт азайғандықтан, өлім көрсеткіші бұдан да артады деп күтіледі. 

Қазан-желтоқсан айлары аралығында Суданда 330 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Олардың барлығы дерлік білікті медициналық көмекке мұқтаж. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мәселесі күн тәртібінде тұр. Алайда қарулы қақтығыс жағдайында бұл мәселені шешу мүмкін емес, - дейді ЮНИСЕФ өкілі Джеймс Элдер.

Өзгелердің жаңалығы