БҰҰ: Сирияға көмек көлемін ұлғайту керек

24 Ақпан 2023, 14:02
704
Бөлісу:
БҰҰ: Сирияға көмек көлемін ұлғайту керек

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияға көмек көлемін көбейту керек деп санайды. Зілзаладан қирап қалған өңірлерді қалыпқа келтіру үшін тағы 400 млн доллар қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат салдарынан баспанасыз қалған миллиондаған тұрғын азық-түлікке, ауызсуға зәру. Қазір аймақтарға күніне 40 - қа жуық көлікпен гуманитарлық көмек жеткізіледі. Бірақ мамандар оның өзі аз дейді. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Себебі зардап шеккен елді мекендерде дәрі-дәрмек пен азық-түлік қат. Мамандар ауызсу тапшылығынан тырысқақ сияқты түрлі аурулар кең тарауы мүмкін деп қауіптенеді.

Өзгелердің жаңалығы