Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің баспасөз хатшысы, 2019 жылы «100 Жаңа есім» жобасының жеңімпазы болған Эльнара Байназарова айтып берді.
Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанды Орталық Азиядағы қауіпсіздік медиаторы рөлінде көреді.
Қазақстан ұйымның даму бағдарламаларын жетелейтін, жаңа бастамаларды қолдайтын ел ретінде де танымал. Сондай-ақ ұйым үшін халықтар достығына ерекше назар аударып, Ассамблеяны төрге шығаратын бірден бір ел -Қазақстан, - дейді ол.
Эльнара Байназарованың айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты даму бағдарламалары аясында Алматы қаласындағы өкілдігін аймақтық хаб ретінде құруды қарастыруда. Осылайша Орталық Азиядағы халықаралық ұйымдарды Қазақстанда шоғырландыру көзделген.
Сондай-ақ Эльнара Байназарова Біріккен Ұлттар ұйымның елдің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік, экономикалық салаларына қолдау білдіретін бағдарламаларына қатысты сұрақтар мен өтінішітерді ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жолдауға болатынын да атап өтті.