БҰҰ-ға үлкен үміт артылады – Тоқаев

4 Шілде 2024, 15:55
567
Бөлісу:
БҰҰ-ға үлкен үміт артылады – Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан “ШЫҰ плюс” форматындағы кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейбіт және үйлесімді дамудың күн тәртібін ұжымдық ілгерілету басты міндет болып қала береді. Мен әлемдегі түйіткілді қайшылықтарды шешуге және тұрақтылықты тек ұжымдық күш пен дипломатияның арқасында қамтамасыз етуге болатынына сенімдімін. Осыған байланысты келесі жылы өзінің 80 жылдығын атап өтетін БҰҰ-ға үлкен үміт артылады, бұл ұйымға балама жоқ. Оның әлеуеті таусылған жоқ, - деді Мемлекет басшысы саммитте.

Тоқаев БҰҰ-ның ХХІ ғасырдағы қиындықтарға төтеп бере алатын жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі институты ретіндегі рөлін күшейту ортақ міндет екенін атап өтті.

ШЫҰ-ның дауысы халықаралық аренада қазіргі заманның түрлі мәселелері бойынша шоғырландырылған ұстанымды ілгерілете отырып, қаттырақ шығуы тиіс. Сондықтан біз қабылдаған тату көршілік, сенім және серіктестік туралы мәлімдеме - өзекті. Сонымен қатар БҰҰ-ның 80 жылдығына және ШЫҰ мен БҰҰ ынтымақтастығының 20 жылдығына орай біздің әділ бейбітшілік, келісім және даму бастамамызды қолдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қабылдауды ұсынамын, - деп айтты Президент.

Өзгелердің жаңалығы