БҰҰ ДБ Қазақстанға инклюзивті цифрлық негіз қалыптастыруға көмектесіп жатыр – Бериш

14 Сәуір 2022, 11:11
1191
Бөлісу:
БҰҰ ДБ Қазақстанға инклюзивті цифрлық негіз қалыптастыруға көмектесіп жатыр – Бериш

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік конференцияда айтты.

Қазақстанда БҰҰ ДБ ұлттық серіктестермен бірігіп азаматтар мен бизнес қауымдастықтың цифрлық жүйелерге қолжетімділігін жақсарту бойынша жұмыс істеп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандардың цифрлық әлеуметтенуден бастап IT -мамандардың жаңғыртуына дейін тетіктерді енгізуде. БҰҰ ДБ Қазақстанға инклюзивті, этикалық және тұрақты цифрлық негіз қалыптастыруға көмектесіп жатыр, – деді Бериш.

Ол атағандай, БҰҰ ДБ адамдар мен әкімдіктерге инновациялық тетіктерді енгізуге де қолғабыс көрсетеді.

Цифрлық жаңашылдықтарға көшу жұмыстың жаңа форматы мен ойлау үрдісіне әсер етеді. Бұл жиын Орталық Азия мен Кавказдың жылдам цифрлануына мүмкіндікті арттырады деген ойдамын, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы