БҰҰ әлем елдерін баламалы энергия көзіне тезірек көшуге шақырды

8 Сәуір 2022, 06:21
1223
Бөлісу:
БҰҰ әлем елдерін баламалы энергия көзіне тезірек көшуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан қазір әлемнің көп елінде энергетикалық дағдарыс өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте БҰҰ әлем елдерін баламалы энергия көздеріне тезірек көшуге шақырып отыр.

Әлемнің 74 дамушы елі энергия, азық-түлік пен тыңайтқыш бағаларының шарықтауынан қатты зардап шегуі мүмкін. Тек соңғы бір айда бидай, жүгері мен арпа құны 20 процентке өсті. Мұнай бағасы да өткен жылмен салыстырғанда 60 процентке жоғары. Бір жыл ішінде табиғи газ бен тыңайтқыш құны екі есе қымбаттады. Айтылғанның бәрін ескере отырып, халықаралық қаржы институттары төтенше жағдай тәртібіне көшуі тиіс деп ойлаймыз, – деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Қазір отын тапшылығы Шри-Ланкада қатты байқалады. Грек тұрғындары жанармай сән-салтанат тауарына айналғанын айтады. Перуде отын мен тыңайтқыш құны шарықтап кеткен. Сол себепті билік ауыл шаруашылығы саласында төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болған.
 

Өзгелердің жаңалығы