БҰҰ 77 жылдығын атап өтіп жатыр

24 Қазан 2022, 12:15
946
Бөлісу:
БҰҰ 77 жылдығын атап өтіп жатыр

Биыл ұйым 77 жылдығын атап өтуде. Осыған орай әлем елдерінде БҰҰ-ның апталығы басталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

«Хабар24» жазуынша, онда түрлі шаралар мен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Жалпы  «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт ұсынды. Декларация Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Құрамында 190-нан астам мемлекет бар.

Басты мақсаты – бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту мен халықаралық мәселелерді шешу. Ал Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл. 1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында еліміздің өтінішін қарап, Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын қарарын бірауыздан мақұлдады.

Өзгелердің жаңалығы