БҰҰ: 2030 жылға қарай ауа температурасы көтеріледі

21 Қараша 2023, 22:09
693
Бөлісу:
БҰҰ: 2030 жылға қарай ауа температурасы көтеріледі

Планетадағы ауа температурасы 2030 жылға қарай 3 градусқа дейін көтеріледі деген қауіп бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр. Ұйымның жаңа баяндамасында, жаһандық жылынудан құтылу үшін көмірқышқыл газдың сыртқа жайылуын 42 пайызға азайту керектігі айтылды. 

«Бұлай болмаған жағдайда, жаһандық жылыну, қуаңшылық пен өрт, мұздықтардың еруі мен су тасқыны сияқты алапат табиғи апаттардан құтылу екіталай», - дейді сарапшылар.

Әр елдің басшылары өз алдына тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Өнеркәсіп шығарындыларын азайту керек. Ғаламдық жылынудың алдын алу үшін жасалған барлық жоспарды қазірден жүзеге асыру маңызды, - деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Өзгелердің жаңалығы