Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұрынғы ҚФФ президенті үстінен қылмыстық іс қозғалды

4 Наурыз 2025, 18:54
547
Бөлісу:
 ҚФФ
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Барменқұловқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Тергеуге тек федерацияның экс-президенті ғана емес, оның командасы да қамтылды.

Барлық тергеу әрекеттері заң талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде, — деп мәлімдеді агенттік.

Қылмыстық істің қандай бап бойынша қозғалғаны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы