Бұрынғы президент пышақ жарақатынан кейін тағы да ауруханаға түсті

13 Сәуір 2025, 16:45
2322
Бөлісу:
Бұрынғы президент пышақ жарақатынан кейін тағы да ауруханаға түсті

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару өзін жайсыз сезініп, ел астанасы Бразилияға арнайы медициналық ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Apnews-ке сілтеме жасап.

Ол жұма күні солтүстік-шығыс өңірге сапары кезінде өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің мәліметінше, ол 2018 жылы сайлауалды науқан кезінде пышақ жарақатын алған.

Болсонару пышақ жарақатынан кейін бірнеше рет ауруханаға түскен. 2019-2022 жылдары елді басқарған кезінде бірнеше ота жасалды.

Соңғы жылдары мұндай жағдайларға үйреніп қалғам. Ауырсыну мен жайсыздық – мен үшін қалыпты дүние. Бірақ бұл жолы тіпті дәрігерлердің өзі таңғалды, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы бақылап жүрген дәрігері бұл жолғы жағдайды “шабуылдан кейінгі ең күрделі жағдай” деп бағалаған.

Өзгелердің жаңалығы