Бұрынғы министр СІМ орынбасары болып тағайындалды

30 Шілде 2024, 09:00
361
Бөлісу:
Бұрынғы министр СІМ орынбасары болып тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.

2005-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болды.

2013 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2013-2019 жылдары Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019-2021 жылдары Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, 2022-2024 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.

Биыл 1 сәуірде KazEnergy бас директоры болып тағайындалған еді.

Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы