Бұрынғы Әділет министрінің елден қашпақ болғаны расталды

26 Қазан 2023, 11:19
1762
Бөлісу:
Бұрынғы Әділет министрінің елден қашпақ болғаны расталды
Фото: instagram.com/marat_beketayev_official

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев елден қашып бара жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

Жақында бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны белгілі. БАҚ өкілдері Бас прокуратура өкілінен істің мән-жайына қатысты сұрады.

Қылмыстық іс мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтіру, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Бекетаев шын мәнінде елден қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректеріне жатады. Бәріңізге белгілі, Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің деректерін жариялауға болмайды, - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

«Сонда Бекетаев әуежайда ұсталды ма?» деп нақтылады журналистер қауымы.

Ол жағын нақты айта алмаймын. Бұл да сотқа дейінгі тергеу деректері. Маған да БАҚ-та жарияланған ақпараттар ғана белгілі, - деп қысқа қайырды Әсет Шындалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әділет экс-министрінің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Экс-шенеунік талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады деген күдікке ілінген.

Өзгелердің жаңалығы