«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды

19 Ақпан 2023, 13:00
1799
Бөлісу:
«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды
Фото: Астана қаласы спорт басқармасы

Елордада Есіл өзенінде дәстүрлі «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Бүгін Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада жыл сайынғы қысқы "Бұрқасын 2023" өтіп жатыр.

Шараның ашылу салтанатына ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа жолдауында "Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз" - деген болатын. Бүгінгі таңда осы  бағытта атқарылған шаралар аз емес. Осы жарыста соның бір айғағы. Осы орайда бүгінгі шараны ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігіне Астана қаласы әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. "Дені саудың-жаны сау" демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанымызға серік етейік. Баршаңызға зор денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!, - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды

23-рет  өткізіліп жатқан қысқы спорт фестиваліне 1800 қатысушы тіркелген.

«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды

Жыл сайынғы қысқы спорт шарасы биыл жиырма үшінші мәрте тойланып жатыр. Әдеттегідей дәстүрлі түрде шаңғы жарысынан қатысушылар саны басым.  Өздеріңіз білесіздер біз алдыңғы жылы екі спорт түрін яғни, белбеу күресі мен қол күресін қосқан болатынбыз.  Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелініп алынды. Бүгінгі фестиваль қатысушылар арасында қала тұрғындарынан бөлек әскери бөлімшелер де бар. Әр спорт түріне тіркелген қатысушылардың жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 3-4 жастағы  балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы балалар қатысып жатыр. Әр жас санаты үшін медальдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған, - деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды

Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түседі. Олар шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл спорттық фестиваль Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы