Буркина-Фасода шабуыл салдарынан 35 бейбіт тұрғын қаза тапты

25 Желтоқсан 2019, 10:37
2491
Бөлісу:
Буркина-Фасода шабуыл салдарынан 35 бейбіт тұрғын қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтыс болғандардың көбі – әйелдер. Сондай-ақ, терроршылардың шабуылынан қаза тапқандардың арасында төрт әскери қызметкер және үш полицей бар.

Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Сум провинциясында терроршылардың шабуылының салдарынан 35 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы 24 желтоқсанда Reuters агенттігі хабарлады.  

Басылымның ақпаратына сүйенсек, сейсенбі күні таңертең Арбинда қаласына жақын жерде терроршылар әскерилерге шабуыл жасады. Армия шабуылға тосқауыл болды, бірақ кейін шегінген терроршылар бейбіт тұрғындарды да өлтірді.

Бұл варварлық шабуыл салдарынан 35 бейбіт тұрғын қайтыс болды. Көбі – әйелдер. Мен қайтыс болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын, − деді ел президенті Рока Каборе.

Оның айтуынша, әскерилер 80-нен астам терроршығы тойтарыс берген. Дегенмен шабуыл кезінде төрт әскери қызметкер, үш жандарм қаза тапқан және қарулы күштердің 20-ға жуық өкілі жарақат алған.

Каборе қайғылы оқиғаға байланысты екі күн ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Өзгелердің жаңалығы