Бурабай курортында әйел адамды таудан эвакуациялады

3 Шілде 2022, 15:46
1270
Бөлісу:
Бурабай курортында әйел адамды таудан эвакуациялады
PHOTO
Фото: Ақмола ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабай курортында Бүркіттің ұясы тауында серуендеу кезінде жергілікті тұрғын аяғын сындырып алған. Ол өздігінен түсе алмағандықтан шұғыл қызметтерге жүгінеді.

Ақмола ТЖД хабарлағандай, Щучинск қаласынан келген екі ересек және 3 бала бүркіттің ұясына баруға тырысқан. Өкінішке орай, 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырады. Оқиға орнына құтқарушылар шыққан.

Олар зардап шеккен әйелді 400 метр биіктікте және ұзындығы 2 км болатын таудан зембілмен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды, - деп хабарлады ТЖД.

Бурабай курортында әйел адамды таудан эвакуациялады

Құтқарылған әйел шұғыл қызметтерге, атап айтқанда: Щучинск қаласының №6 құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Чуйкоға, бас құтқарушы Андрей Жуков, құтқарушылар Юрий Лютовский, Тимур Негметов, Амангелді Сәдуақасов және Александр Усольцев сынды азаматтарға алғысын білдірді. 

Өз кезегінде Ақмола облысының ТЖД таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы