«Бурабай» курортынан 9 айда 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды

2 Қазан 2024, 21:48
435
Бөлісу:
«Бурабай» курортынан 9 айда 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды
Фото: дереккөз

Жыл басынан бері 9 айда «Бурабай» курортындағы Абылай хан алаңы, Визит орталығы, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары сияқты ең танымал туристік жерлерден 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Бурабай» курортынан 9 айда 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды

«Бурабай» курортындағы туристік нысандардың тазалығы мен абаттандырылуына атсалысып, жыл басынан бері 10 экологиялық акция өткізді. Абаттандыру жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 960 метр ағаш көпірлер жөнделіп, ұзындығы 1456 метр металл қоршаулар сырланды, сондай-ақ велосипед пен жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы 328 жарық бағандары жөнделді. Күркіреме өзеніндегі (Громовая) және орталықтағы жаяу жүргіншілер көпірі монтаждалды, -деп жазды «Бурабай Даму» баспасөз қызметінен.

«Бурабай» курортынан 9 айда 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды

Абаттандыру жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында жалғасты. Бұдан бөлек, жақын аймақтарды тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Визит орталығы пен Абылай хан алаңы туристер арасында ең танымал орындар. Жаңғырту жұмыстары жасалған мультимедиялық интерактивті кешен күн сайын 500-ге дейін келушілерді қабылдауға дайын. Жыл басынан бері компания басқаратын туристік нысандарға шамамен 73 000 адам келді.

Өзгелердің жаңалығы