Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір үш ауданның логистикасын өзгертеді

28 Қыркүйек 2022, 05:26
2504
Бөлісу:
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір үш ауданның логистикасын өзгертеді

Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бірден екі жағалаудан басталады және маусымдық ауа райына тәуелді болмас үшін техникалық көпір салынды. Бұл туралы BAQ.KZ Аltaynews ақпарат ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының жұмысымен танысқан аймақ әкімі бұл үш ауданды байланыстыратын бірегей стратегиялық және әлеуметтік нысан екендігін айтты.

Көпір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынуда.

Құрылыс бірден екі жағалаудан басталады және маусымдық ауа-райына тәуелді болмас үшін техникалық көпір салынды. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істейді, олар үшін вахталық кент те жабдықталған. Көпірдің ұзындығы - 1316 метр. 21 тіректің 9-ы салынды . Болашақ өткелдің сенімділігі мен беріктігінің көрсеткіші - көпір салушылар ең заманауи технологияларды қолданады. Мысалы, тіректің тереңдігі 40 метрден асады. Төсемнің ені 10 метрді құрайды, көлік айрықтары, су бұру және мал өту жолдары қарастырылған. Көпір кеме қатынасына кедергі келтірмейтінін атап өту қажет, - дейді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, әкім Қазақстан үшін бірегей құрылыстың салынуы Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарының логистикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретінін айтып өтті. Жоба аяқталғаннан кейін паром өткелінің бағасы барлық тауарлардың құнына енгізілмейді екен. Көпір аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ туризм, өнеркәсіп және кәсіпкерлікке жаңа серпін бермек.

Өзгелердің жаңалығы