Бұлтартпау шаралары. 199 адам босатылды

2 Наурыз 2022, 14:55
2487
Бөлісу:
Бұлтартпау шаралары. 199 адам босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының тергеушілерінің өндірісінде 2 997 қылмыстық іс бар. Олар бойынша соттың санкциясымен 194 адам күзетпен ұсталып отыр. Олардың ішінде 152 адам ұрлық жасаған, 22 адам қаруды заңсыз сақтаған, 24-і қару ұрлағаны үшін қамаққа алынды, - деді Әділов. 

Ол атап өткендей, жеке басы мен қылмыстың ауырлығын ескере отырып, күдіктілерге бұлтартпау шарасы үйқамаққа, ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат беруге өзгертіліп, адамдар күзетпен ұстаудан босатылуда. 

199 адам босатылды. Күзетпен ұсталынатын күдіктілерге тергеу изоляторларында, сондай-ақ қажет болған кезде медициналық мекемелер жағдайында білікті медициналық жәрдем көрсетіледі, - деді Санжар Әділов. 

Өзгелердің жаңалығы