Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Буллинг, ұрлық, бұзақылық: Жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр

Әсел ӘБІЛБЕК
13 Қазан 2025, 11:44
493
Бөлісу:

Биыл елімізде жасөспірімдер арасында 1600 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қылмыстардың көбісі ұрлық, бұзақылық, тонау, есірткі қылмыстары бойынша тіркелген.

ІІМ Ержан Сәденовтің айтуынша, басты себеп ата-ана бақылауының жоқтығы болып отыр.

Түнде бақылаусыз жүрген балалар үшін 107 мың ата-ана, 1900 ойын-сауық мекеме иесі жазаланды. 4 200 қараусыз бала Бейімдеу орталығына жеткізілді. Сондай-ақ 5 100 бала және міндетін жүйелі орындамайтын 6 400 ата-ана есепте тұр. Құрдастарына теріс әсер ететін 1 800 бейресми "көшбасшы" анықталды. Олармен жұмыс барысында қорқытып ақша алудың 59 фактісін анықтап, жолын кестік, - деді министр.

Өткен жылғы түзетулер аясында буллинг үшін 256 құқық бұзушы жауапқа тартылған.

Өзгелердің жаңалығы