Бұл жаңашылдық өткен жылы енгізілсе бүгін Мәжілісте төрт партия болар еді - саясаттанушы

15 Қаңтар 2021, 19:38
1099
Бөлісу:
Бұл жаңашылдық өткен жылы енгізілсе бүгін Мәжілісте төрт партия болар еді - саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендету бастамасы өткен жылы енгізілдес осы жолы Мәжілісте төрт партия болар еді. Саясаттанушы Марат Шибұтов Президент Қасым-Жомарта Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында көтерген тағы бірқатар саяси бастамаларының азаматтар үшін маңыздысын атап өтті.

1. Сот жүйесін ашық ете түсу. Қазір судьялар сот хатшысынан, прокурорлар мен тергуешілерден рекуртизацияланады, анығын айтқанда репресиялы жүйеден өсіп, жоғары көтеріледі. Судьялыққа адвокаттықтан, медиаторлық пен қарапайым заңгерліктен келу керек. 

2. Полицияның сервистік моделі

3. Қоғамдық қауіпсіздік үшін цифрлың технологияларды енгізуді арттыру

4. Адрестік әлеуметтік көмекті күшейту

5. Азаматтардың өз жинақтарын басқаруға мүмкіндік беру

6. Ауылдық, аудандық бюджет процедураларын жеңілдету

7. Ауыл әкімдерінің сайлауынан кейін аудан әкімдерінің сайлауын өткізу. Аудандар – бюджеттің ғана емес, басқарудың да маңызды элементі. Егер әкімдер сайланатын болса мемлекеттік басқару жүйесі қатты өзгереді.

8. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендету. Егер бұл жаңашылдық өткен жылы енгізілсе осы жолы Мәжілісте 4 партия болар еді.

9. Партия мүшелерінің тізімін Электрондық үкімет арқылы жинау. Бұл жаңа партия құру жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.

10. Парламенттің бақылаушы функциясын күшейту. Функциялар бар, бірақ ол сирек пайланылып келді. Өткен жылы Сенат оны іс жүзінде пайдаланбақ болды, бірақ үкіметке ол ұнамағаны сонша кадрлық шешімдер шығаруға тура келді.

11. Қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау. Қазір мен жұмыс тобының құрамындамын. Заң азаматтарға айтарлықтай көмектеседі, қазір оны жетілдіру үстіндеміз. 

12. Онлайн-петицияны заңдастыру. Бұл туралы аз айтылмады. Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен цифрлық даму министрлігі Ашық үкімет аясында мұны іске асырады деп үміттенеміз. 

13. «Жастардың әлеуметтік қызметінің» кіріктірілуі

14. Меценаттар мен еріктілерге жеңілдіктердің енгізілуі

15. Сайлау бюллетендерінде «барлығы қарсы» жазуының қосылатыны. Өткен сайлауда бүлдірілген бюллетендерге қарағанда ұсынылған үміткерлер көптеген адамдардың (3,95%) көңілідерінен шықпады. Ал келмегендердің арасында да мұндай жандардың болу мүмкін екенін ескеру керек. Одан да пікірін осылай білдірсін, бұл өте дұрыс.

16. Адам құқығы жөніндегі уәкілетті органының мүмкіндігін кеңейту мен омбудсмендердің өңірлік офистерінің пайда болуы. 

Жылына ел тұрғындары 160-170 мың шағым жазады, оның 50 мыңы мемлекеттік органның әрекіне қатысты. Омбудсмен өз офисімен бірге жылына 1-1,5 шағыммен жұмыс істейді. Ал азаматтарды қабылдау арқылы түсетін шағым саны бұдан аз. Егер әр өңірге осындай офистер кіріктірілсе көпетеген азаматтарға көмек қолы созылар еді. Бұл өте жақсы бастама, көңілімен шықты - деп жазды Марат Шибұтов өзінің «Қазақстан және все, все, все» телеграм каналында.
Өзгелердің жаңалығы