Бұл сол кездегі халықтың басына түскен алапат – Әшімбаев

16 Ақпан 2021, 11:21
1697
Бөлісу:
Бұл сол кездегі халықтың басына түскен алапат – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тек тәуелсіздіктің арқасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тарихымыздағы ақтаңдақтар мемлекеттік деңгейде көтеріле бастады. Елордада Ашаршылық нәубетінің 100 жылдығына орай өтіп жатқан дөңгелек үстелде Сенат төреғасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.

Бұл бір отбасының ғана емес, сол кездегі тұтас халықтың басына түскен алапат қасірет екені сөзсіз. Осындай азалы жылдарда құрбан болған бабалар рухына тағзым ету – біздің перзенттік борышымыз. Осы мақсатпен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді, - деді ол. 

Ол биыл 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа 100 жыл толып отырғанын атап өтті. 

Алапат нәубеттің 30-жылдардағы екінші кезеңіне де 90 жылдың жүзі болды. Тәуелсіздігіміздің айтулы белесінде бұл мәселеге мемлекет тарапынан қайтадан басымдық берілуі өте орынды, - деді ол. 

Сенат төрағасы бұл тақырыпты не үшін көтеру керектігіне тоқталды. 

Осы орайда ашаршылық тақырыбын көтеру бізге не үшін қажет деген заңды сұрақ туындайды. Бұл, ең алдымен, қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайту үшін керек. Өйткені қазір әлемдік ахуал өте күрделі және құбылмалы екенін көріп отырмыз. Күн өткен сайын қарама-қайшылықтар тереңдеп, түрлі қақтығыстар қарқын алып келеді. Еліміздің егемендігіне де төнетін сын-қатерлер жоқ емес, - деді ол.

Дәл осындай жағдайда Тәуелсіздігімізді мызғымастай берік ету – біздің басты міндетіміз.

Сол үшін оның қадіріне жете білуіміз қажет. Ал Тәуелсіздікті қадірлеп, ұлықтау төл тарихымызды және оның шешуші кезеңдерін терең танудан басталады, - деді Мәулен Әшімбаев.

 
Өзгелердің жаңалығы