Бұл шын мәнінде төмен көрсеткіш. Білім министрлігі проблеманы ашық мойындады

18 Мамыр 2021, 11:11
1253
Бөлісу:
Бұл шын мәнінде төмен көрсеткіш. Білім министрлігі проблеманы ашық мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова оқушылардың спортпен айналысуына арналған мамандандырылған мектептердің саны аз екенін айтты.

Оқушылардың спортпен шұғылдануы 39 пайыз. Бұл шын мәнінде төмен көрсеткіш. Оның төмен болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, балалардың басым көпшілігі мектептің жағдайындағы спортпен айналысады. Еліміздегі 3,4 млн оқушы үшін аптасына үш сағаттық денешынықтыру сабағы қол жетімді. Біз балалардың денсаулығы үшін денешынықтыру сабағын аптасына үшеуге көбейттік. Әйтпесе, математика, физика, информатика секілді негізгі пәндер екі сағаттан аспайды,- дейді Шолпан Қаринова Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.

Ол осы ретте оқушылардың мектептен тыс спортпен айналысуы үшін балалалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінің (БЖСМ) саны жеткіліксіз екенін атап өтті.

Сондықтан балалалардың 1 млн-ға жуығы, нақты айтсам 965 мың бала мектептің жанындағы спорт секциясында айналысады. Өйткені оларға қосымша білім мекемелері жеткіліксіз. Мектептердің ішіндегі спорт секцияларының саны 45 мыңнан асады. Ал БЖСМ-дардың саны 435 ғана болып тұр. Ол жерде 346 мыңнан астам ғана бала дайындалады. Бұл аз көрсеткіш, - дейді вице-министр.

Айта кетейік, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Бұқаралық және балалар спортын дамыту - саламатты ұлтты қалыптастыру негізі» тақырыбында бейнеконференция форматында кеңейтілген отырыс өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы