Бұл шешімді бүкіл қазақстандық ғылыми қауымдастық күтті - Саясат Нұрбек

16 Қараша 2022, 15:28
2791
Бөлісу:
Бұл шешімді бүкіл қазақстандық ғылыми қауымдастық күтті - Саясат Нұрбек

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы стратегиялық маңызды шешім қабылдады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол мемлекеттің ғылымы мен технологиялық саясатының одан әрі дамуын айқындайды. Бұл шешімді бүкіл қазақстандық ғылыми қауымдастық күткен еді. Біздің ғалымдар бұл мәселені көптен бері көтеріп келеді.

Ғылым саласы дамыған елдердің заманауи тәжірибесі, ғылымның дамуы әрқашан мемлекет басшыларының тікелей бақылауында болғанын көрсетеді. Сонымен бірге, ғылыми негізделген және есептелген шешімдердің арқасында ұлттық ауқымдағы көптеген сұрақтарға нақты жауаптар берілді, - деп жазды ол.

Мұндай модель АҚШ-та сәтті жұмыс істейді. 

Оның негізін 30-шы жылдары Америка Құрама Штаттарының 32-ші президенті Франклин Делано Рузвельт қалаған. Осы идеяның жалғасы ретінде 1949 жылы АҚШ-та Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшілер кеңесі құрылды. Оның мүшелері Мемлекет басшысына ғылым мен инновация бойынша стратегиялық ұсыныстар әзірлейді. 1666 жылы құрылған француз Ғылым академиясы Франция Президенті мен Үкіметі үшін ғылым мен зерттеулер бойынша мемлекеттің кеңесші құрылымы ретінде жұмыс істейді. Мұндай тәжірибе Сингапур, Финляндия, Оңтүстік Корея сияқты технологиялық дамыған елдерде де бар.

Ұлттық кеңестің құрылуы - біз бұрын атап кеткен ашық ғылым моделінің негізгі элементтерінің бірі. Президенттің бүгінгі шешімі еліміздегі ғылыми процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға күшті серпін беретініне сенімдімін, - деп жазды Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы