Бұл шаралар әлі де жеткіліксіз: Әшімбаев жастардың тұрғын үй бағдарламасы туралы

20 Мамыр 2022, 11:06
1329
Бөлісу:
Бұл шаралар әлі де жеткіліксіз: Әшімбаев жастардың тұрғын үй бағдарламасы туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта жастарды баспанамен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігі мәселелері көтерілді.

Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша нақты әрі тиімді саясаттың жоқтығын атап өтті.

Сауалнамаға сәйкес жастар өз кәсібін ашудан бас тартуға бастапқы капиталдың жетіспеушілігі (32%) және өз ісін құру туралы білімнің жоқтығы (18%) себеп болып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігіне қатысты сұрақтар туындап, оларға қомақты бюджет қаражаты бағытталып отыр. Соның ішінде «Атамекен» ҰКП арқылы, – деді Сенат спикері.

Әшімбаевтың сөзінше, жастарды толғандыратын күрделі мәселелердің бірі – баспана.

Қазіргі таңда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бар. 2021 жыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 3 мың жалдамалы пәтер сатып алуға бюджеттен 21,6 млрд теңге бөлінді. Басқа да бағдарламалар бар. Алайда тұрғын үй мәселесінің өткірлігін ескерсек, бұл шаралардың барлығы әлі де жеткіліксіз, – деді палата төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы