Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева сотталушының ұялы телефонын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бишімбаевтың қорғаушылары сотталушының мобильді телефонынан фотосуреттерін көрсетті. Онда олар судьяға "галереядағы" бүкіл фотосуретті қарап шығуын сұрады.
Бишімбаевтың ұялы телефонынан марқұм Нүкенованы түсірген 12 видео табылды. Видеолар көлікте және далада да түсірілген. Бейнеде Бишімбаев Нүкенованы балағаттап, қарым-қатынасы туралы сұрақ қоя берген.
Судья Бишімбаевқа "бұл видео файлдар есіңізде ме өзі?" деді.
Сотталушы "ондай файл болу мүмкін емес" деп жауап берді.
Судья бейнелерді даусын қосып, сот процесіндегілердің бәрі тыңдады.
Бірнеше бейнені көрген соң "Өзіңіз түсірдіңіз бе?" деді судья Құлбаева Бишімбаевтан.
"Есімде жоқ", - деп жауап берді ол.
Бишімбаев бұл видеоларды әдейі жүктеп, монтаждап салып қойғанын айтты.
Жантүршігерлік бейнелер мемлекеттік айыптаушылар Саяхат Нұрбеков пен Айжан Алмағановаға да көрсетілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотта алқабилерді көрсетіп қойған журналистер жазаланды.
Сонымен қатар сотқа Ксения Собчак келгені анықталды.