Бұл күндерден сабақ алуымыз керек – Жұмырбаев

16 Қаңтар 2022, 15:40
1445
Бөлісу:
Бұл күндерден сабақ алуымыз керек – Жұмырбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев осылай деді. Оның айтуынша, «Бірлік = Тәуелсіздік» түсінігін тағы да бағалай салуымыз тиіс.

Бас прокуратура қаңтар трагедиясы барысында қаза тапқандардың жалпы санын хабарлады. Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың саны 225 адамды құрады. Олардың арасында шабуыл жасаған террористер де бар. 19 әскери және құқық қорғау органының қызметкерлері мемлекеттігіміз бен қалалардағы тыныштық жолында опат болды, - деді қоғамдық бірлестік басшысы.

Сондай-ақ ол мемлекет қайтыс болғандардың саны бойынша нақты дерегін ұсынғанын, тәртіпсіздіктердің салдары тергеліп жатқанын алға тартты.

Тергеу жалғасуда және ол бір-екі күннің еншісіндегі дүние емес. Әр ұсталғандардың қатысы бар-жоғы анықталады. Бұл жұмысты ешқандай эмоцияға берілмей жүргізу қажет. Бәрін өзімізден бастауымыз керек. Өзімізді және бір-бірімізді сыйлайық. Қазір біреу өзінің атын шығарғысы келсе, енді бірі үрей туғызып, ал кейбіреулер «сараптама» жасағасы келеді. Нақты бір адамды нұсқап отырған жоқпын, бірақ бақылау барысында осындай ой туды, - деп  отыр Тимур Жұмырбаев.

Алдын ала асығыс қорытынды жасамайық деген ол құқық қорғаушыларды қолдауға шақырды.

Біз халықтың көкейіндегі мәселелерді көрдік. Олар ең қысқа мерзімде жауабын алуда. Заң бұзушылық әрекеттер бойынша полиция әр қалада қолжетімді сенім телефондарын жариялады. Осы күндерден сабақ алайық. Бірлік пен тәуелсіздік халқымызға тән құндылық. Бірлігіміздің күшін тағы бір мәрте көрсетіп, ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты жаңартайық, - деді Жұмырбаев.

Өзгелердің жаңалығы