«Бұл Францияға жақын». Макрон Қазақстанның саясаттағы позициясы жайлы

1 Қараша 2023, 16:02
1814
Бөлісу:
«Бұл Францияға жақын». Макрон Қазақстанның саясаттағы позициясы жайлы
Фото: Ақорда

Франция басшысы Эммануэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында екі елдің достығы туралы айтты, BAQ.KZ тілшісі.

Біз өзара қарым-қатынасымызды бекемдеу жолындамыз. Қандай да бір державалардың вассалы болудан бас тартып, өз халқына қызмет қылу үшін әртүрлі мемлекетпен теңдестірілген қарым-қатынасты жолға қоюға күш салу – бұл сіздердің еліңіздің жолы. Мұндай бағыт бізге жақын. Біз достарды таңдай білеміз, құрметтейміз. Біз керек кезде сондай елдердің жағындамыз, олардың тәуелсіздігін қолдаймыз. Егер гегемон болғысы келетін державалар болса, олардың болжап білмейтіндей әрекеттер болса, осындай философиялық ұстанымы бар жақсы досың болған өте маңызды, – дейді Макрон.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды.

Сондай-ақ ел басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. 
 

Өзгелердің жаңалығы