Тағы бір букмекерлік кеңсенің заңсыз қызметі әшкереленді

19 Желтоқсан 2019, 16:40
1871
Бөлісу:
Тағы бір букмекерлік кеңсенің заңсыз қызметі әшкереленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 8 өңірінде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді. 

Аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Заңсыз құмар ойындары Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе ұйымдастырылған, - делінген хабарламада.

18 желтоқсан күні 8 өңірде бір уақытта жүргізілген арнайы операция барысында кеңселерде тінту жүргізілді.

Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатылғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, "Олимп" букмекерлік кеңсесіне 145 млрд теңге салық салынғаны да белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы