Бүгінгі күнгі сұрақтарға жауап беретін шешім қабылданды - Бейсенбай

6 Қазан 2022, 11:59
1719
Бөлісу:
Бүгінгі күнгі  сұрақтарға жауап беретін шешім қабылданды - Бейсенбай

Қаңтар оқиғасынан кейін болған саяси реформаларға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушылардың саны көп. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбай осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бұл аса маңызды шешім болды. Тек қана біздің саяси партия емес, сонымен бірге  еліміздегі бүкіл демократиялық, қоғамдық партиялар ұсынысын беріп жатыр. Әрине, біз оған қуаныштымыз. Партиямыз бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде ұсынуға шешім будық. Оған 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Меніңше, бүгінгі күнгі барлық сұрақтарға жауап беретін шешім болды. Өзге партиялардың шешімдеріне жауап бере алмаймын. Бірақ соңғы Қаңтар оқиғасынан кейін болған реформаларға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушылардың саны жеткілікті. Алайда, қазірдің өзінде өзге де кандидаттар тіркеліп жатыр. Бәскелестікті уақыт көрсетеді, - деді Бейсенбай AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінен кейін журналистерге.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Президент сайлауына қатысты пікір білдірген еді

Өзгелердің жаңалығы