Бүгінгі ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады BAQ.KZ.

 24.kz 20 Наурыз 2023 2023, 08:00
20 Наурыз 2023 2023, 08:00
1759
Фото: 24.kz

Қазгидромет ел аумағында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл сақталады, - деп жазды синоптиктер.

Наверх