Бүгін жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді

3 Қыркүйек 2021, 19:06
1897
Бөлісу:
Бүгін жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді. 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде, сондай-ақ барлық облыстық, қалалық және аудандық кітапханаларда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде бір мезгілде (синхронды) қазақ тілінде ҚХА-ның Жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді.

ҚХА-ның Жалпықазақстандық ашық диктантының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қазақ тілін үйрену арқылы қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту.

Мемлекет басшысы өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында өз болашағын елімізбен байланыстыратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге бар күш-жігерін салуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпықазақстандық ашық диктантының қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы