Бүгін төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

20 Сәуір 2024, 08:52
392
Бөлісу:
Бүгін төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" РМК еліміздің қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 сәуірде Астана, Алматы, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Өзгелердің жаңалығы