Бүгін тек Өскемен қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Бүгін тек Өскемен қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
961

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қараша, сенбі күні Өскемен қаласында ғана ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар қаласында метеорологиялық жағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы