Бүгін республиканың тек екі қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
4 шілдеде Алматы мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.