Бүгін тек Алматы қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
27 маусымда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.