Бүгін Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізеді

5 Ақпан 2022, 12:07
1270
Бөлісу:
Бүгін Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер гайаналық спортшымен кездесіп, турнирдің басты кардында өнер көрсетеді.

Отандасымыз жалпы карьерасында 14 рет октагонға шығып, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 2-уі UFC турнирінде өткен. Шавкаттың негізгі мақсаты – жыл соңына дейін 3 жекпе-жек өткізіп, үздік ондық немесе 15 спортшының қатарына кіру.

Қарсыласым керемет. Өте мықты. UFC-де кездейсоқ келген спортшылар болмайды. Ол да 2 жекпе-жекте ұтқан, мен де 2 жекпе-жекте ұтқанмын, міне, енді бір-бірімізбен кездесіп жатырмыз. Екеуіміз де мерзімінен бұрын ұтқанбыз. Енді кімнің мықты екені шайқаста белгілі болады, - дейді файтер Шавкат Рахмонов.

Ал Dar Pro Team клубының басшысы Нұрбек Қарабала қазақстандықтарды Шавкатты қолдауға шақырды. Ол отандасымыздың бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, болашақта аталмыш турнирді бағындыратынына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы