Бүгін республиканың 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

28 Қаңтар 2024, 06:45
1780
Бөлісу:
Бүгін республиканың 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

28 қаңтар күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 28 қаңтарда елдегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Дегенмен, Алматы тұрғындарына ауадағы азот диоксидінің 3 есеге артқандығы ескертілді.

Тек Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Алматыда 28 қаңтарда, 29 қаңтарда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтілуде. Қала ауасы азот диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан 3,1 есе жоғары болады деп күтілуде.

Ақтөбеде 28 қаңтарда және 29 қаңтарда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтілуде.

Қостанай мен Риддерде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.

Өскемен мен Семейде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның жоғары ластануы күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы