Бүгін республиканың 4 қаласында ауа ластанады

13 Қазан 2023, 08:40
917
Бөлісу:
Бүгін республиканың 4 қаласында ауа ластанады
Фото: архив

Бүгін республиканың 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 13 қазанда Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы