Бүгін республика қалаларындағы ауа сапасы қандай?

Бүгін еліміздің 4 қаласында және 2 мегаполисте ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 baq.kz 28 Сәуір 2023 2023, 08:45
28 Сәуір 2023 2023, 08:45
1091
Фото: baq.kz

Бүгін еліміздің 4 қаласында және 2 мегаполисте ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 28 сәуірде тәулік бойы Теміртау, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, 28 сәуірде түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх