Бүгін Қазақстанның қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

22 сәуірде еліміздің 5 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 baq.kz 22 Сәуір 2023 2023, 06:46
22 Сәуір 2023 2023, 06:46
844
Фото: baq.kz

22 сәуірде еліміздің 5 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, Қазақстанның бас қалалары – Астана мен Алматыда және Өскемен, Семей мен Ридерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх