Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

6 Сәуір 2022, 07:46
1207
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 сәуірде Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, сәрсенбіде ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы