Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

«Қазгидромет» РМК 30 наурызда 4 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін екендігін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Наурыз 2023 2023, 07:35
АВТОР
 baq.kz 30 Наурыз 2023 2023, 07:35
30 Наурыз 2023 2023, 07:35
1207
Фото: baq.kz

 «Қазгидромет» РМК 30 наурызда 4 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін екендігін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер және Атырау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх